
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға келген Чернобыль ардагері Қанжарбек Осипов Чернобыль ардагерлеріне берілетін бір реттік материалдық көмек жайында сұраса, «Әділет.Рухани жаңғыру» газетінің арнаулы тілшісі, блогер Гулманат Байзақова Ақбура кесенесінің мәселесін көтерді.
— Осыдан 35 жыл бұрын, яғни 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогі жарылған болатын. Апаттың зардабын жою жолында жүз мыңдаған сарбаз отан алдындағы борыштарын атқарды. Чернобыль апаты он мыңдаған қазақстандықтардың өміріне балта шапты. Әлем тарихындағы алапат апаттың зардабын әлі күнге дейін тартып келеді. Сондықтан, ел басына түскен зұламат куәгерлері мемлекет тарапынан әрдайым қолдауға ие. Сіздердің, материалдық көмек жөнінге өтініштеріңіз Әділет министрлігіне жолданды. Құжат дайын болған соң оны аудандық мәслихат сессиясына ұсынамыз. Бұл мәселе жуыр арада шешімін табады,- деді аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы.
Кемеқалған ауылдық округінде орналасқан «Ақбура» бастау бұлағынан бір мезетте Төлеби, Қазығұрт ауданының 11 ауылынан 14 мың халық ауыз су ішетінін, судың бастау көзі ашық тұрғанын, ондағы келушілер тіке бұлақ басында ашық көзде су ішіп қол бетін жуып жатқанын, түрлі сырқатпен ауыратын адамдар бұлақ басында ем-дом жүргізетінін айтып жеткізді.
— Ақбура әулие кесенесі – жаз ауасы түсе салысымен зиярат етушілер ағылатын орындардың бірі. Бұлақ басындағы суды шипа ретінде қолданатындар да көп. Алдағы кезде бұлақ басын қоршау жұмыстары жүргізіледі,- деді аудан басшысы.
Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан әкімі Төлеген Телғараев, олардың тарапынан айтылған мәселелердiң заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді. Тұрғындар мәселесіне қатысты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
174227 779688Wow Da weiss man, wo es hingehen muss Viele Grsse Mirta 589748
674657 148221this is really intriguing. thanks for that. we want far more sites like this. i commend you on your excellent content and superb topic choices. 566002
793996 638377Really instructive and good bodily structure of topic matter, now thats user pleasant (:. 596105
25017 153790This internet site may be a walk-through its the data you wanted in regards to this and didnt know who ought to. Glimpse here, and youll definitely discover it. 504598