Төлеби ауданында коронавирусқа қарсы 54 944 адамды алдын ала вакцинациялау жоспарланған

Төлеби ауданы әкімінің аппараттық мәжілісінде аудан аумағындағы коронaвирус инфекциясы мен санитарлық–эпидемиологиялық жағдайы қаралды.


Жиынға аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы төрағалық етіп, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, онлайн жағдайда қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

«Аудан аумағындағы коронaвирус инфекциясы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ақерке Еркінбекова баяндады. Мобильді топтың жұмысы жөнінде аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев хабарлады.

Бүгінгі күнге Төлеби ауданы аумағында COVID-19 коронавирусты инфекциясымен 482 адам анықталды. Сырқаттанудың деңгейі өткен аптамен салыстырғанда 2,3 есеге өскен. Эпидемиялық жағдай биылғы жылы сәуір -149, мамыр -135 қолайсыз болған, енді шілде-102 жағдай болып қайталанып отыр. Бұл — пандемияның жаңа этапы. Қазіргі анықталып жатқандардың 95% ОРВИ симптомымен медициналық көмекке қаралғандар – симптомдылар және вакцина алмағандар. Науқастардың 251 симптомды, 231 симптомсыз.

Коронавирусқа қарсы аудан бойынша 54944 адамды алдын ала вакцинациялау жоспарланған, осы орайда «Спутник V», «Qaz vak in», «Hayat-Vax», «CoronaVax» вакциналары алынды, қазіргі таңда жеткілікті.

1 — компонент – 39070 (салынғаны- 38935-70% : ТРБ-22700, ЛГП-15335), күнделікті орта есеппен 114 адамға салынуда.

2 — ші компонент- 28650 доза (салынғаны – 38305- 44,6% : ТРБ-29330, ЛГП-8975), күнделікті 198 адамға салынып жатыр.

Кәсіпкерлік обьектілерде «Ashyq» жобасымен 34 обьект жұмыс жүргізуде. Мобильдік топ тарапынан карантиндік шаралардың орындалуына бақылау InfoKazakhstan-ға тіркелу талабы шыққалы беру тоқтап тұр.

Түркістан облысы кешеден сары аймаққа өтті. Соның ішінде Төлеби ауданы қауіпті аймақта тұр. Алдағы мұсылман қауымы үшін маңызды Құрбан айт мерекесі мен сайлау кезінде эпидемиялық жағдайдың асқынуын болдырмау мақсатында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы тиісті шаралар ұсынды.

Басқосу барысында аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы пандемия уақытында сақтық шараларын сақтап, той және мерекелік, отбасылық жиындар мен ас немес құдайы беруге де рұқсат етілмейтіні жөнінде айтты. Сондай-ақ, ауру өршіп тұрған мезгілде өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтап, жиын өткізуден тыйылып, үйден шықпау қажеттігін түсіндірді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.