Төлеби ауданы Тасарық ауылында балаларға арналған ойын алаңшасы ашылды

Төлеби ауданы Тасарық ауылында балаларға арналған ойын алаңшасы ашылды.


Тасарықтықтар құны 6 млн 944 мың теңгені құрайтын балалар алаңының сертификатын аудан көлемінде өткен байқауға қатысып, жеңіп алған.

Айта кетерлігі, былтырғы жылы аудан әкімінің ұйымдастыруымен «Үлгілі» конкурсы өткен болатын. Тасарық ауылдық округі «Үлгілі аула» номинациясы бойынша 1 орын иеленіп, балалар ойын алаңшасының сертификатын ұтып алды. Ойын алаңшасына қаржы бюджеттен қарастырылып, жеңімпазды тұрғын үй бөлімі анықтады.

Нәтижесінде Тасарық елді мекеніндегі орталық М.Әуезов көшесі бойынан жаңадан балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Ойын алаңының ашылу салтанатына округ әкімі Бақтыбек Алтынбеков қатысып, балғындардың игілігіне берілген ойын жабдықтарына салғырт қарамай, ұқыпты ұстауға, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырып, жылы лебізін білдірді. Алаңға балалар мен ата-аналары жиналып, ел ағаларына алғыстарын жеткізді. Салтанатты рәсімнен соң ойын алаңына бет алған бүлдіршіндер өздеріне шақталып жасалған әткеншектерде тербеліп, қуанышқа кенелді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 569741 266926This kind of publish appears to get yourself plenty of visitors. How will you acquire traffic to that? It provides a terrific special twist upon issues. I guess having something traditional or possibly substantial to give info on will be the central aspect. 9196

Добавить комментарий для ler artigo Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.