“Шардара Армспорт” клубының ұйымдастыруымен балалар алаңшасы пайдалануға берілді

Шардара ауданы, Мелдеби мөлтекауданында «Асыл-ай» балалар ойыны алаңшасы пайдалануға берілді.


Бұл туралы Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіші – адам денсаулығы.

Спорт – денсаулық кепілі, ал денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақ – ел болашағы.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл сайын көптеген нысандар ашылуда.

Осы тұрғыда бүгін “Шардара Армспорт” клубының ұйымдастыруымен Шардара қаласы, Мелдеби мөлтекауданында орналасқан «Тәуелсіздік» саябағынан 500 шаршы метрлік балалар арналған ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Нысанның құрылысына демеушілік жасаған Шардара аудандық мәслихатының хатшысы Қарсыбаев Арман Романұлына аудан тұрғындары алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, ойын алаңының ашылғанына қуанып асыр салып ойнап жүрген бүлдіршіндер де дән риза болысты.

Ауданымыздың басқа да өңірлерінен осындай спорттық және балалар ойын алаңшалары ашылатын болса, “Ел болашағы жастар”- демекші, Еліміз болашақта сонау Еуропа елдерімен теңесетіні сөзсіз.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 530458 39261I discovered your web site web site online and check many of your early posts. Maintain on the top notch operate. I just now additional your Feed to my MSN News Reader. Seeking for forward to reading a lot much more from you discovering out later on! 67340

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.