2021 жылғы «25» шілдесінде болған әкім сайлауының нәтижесі бойынша Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешімімен Нұрсейтов Нұрбақыт Дәулетбекұлы – Түркістан облысы, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінің әкімі етіп тіркелді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округ басшыларының сайлануы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.
Ел тарихында алғаш рет өткізілген жаңашылдыққа ауыл тұрғындары белсене қатысты. Бүгін ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған кандидат Нұрсейтов Нұрбақыт Дәулетбекұлы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі лауазымына кірісті.
– Расында, ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізілді. Ауыл тұрғындарының тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ. «Ынтымағы бар ауылға бәрі де құмар» ауызбіршіліктеріңіз нығайып жоспарға сай өздеріңіз қолдап, сайлаған Нұрбақыт ұлдарыңызға демеу болыңыздар, -деді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы.
Нұрсейтов Нұрбақыт, 1988 жылы 13 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Шардара ауданы әкімі аппаратының нұсқаушы қызметінен бастаған. Осы жылдың қыркүйек айында аудан әкімі аппараты Ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің жетекші маманы қызметіне ауысты. 2013 жылдың шілде айынан бас маман, 2014 жылы қыркүйек айынан бастап аталған бөлімнің бас инспектор қызметін атқарды. 2017 жылы тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Жаушықұм ауылдық округінің әкімі қызметін абыройлы атқарып келді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат