Шымкентке 6,2 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар жеткізілді

Шымкентте тұрғындарды дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты.


Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен Үкімет отырысында дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Бүгінде жалпы сомасы 7,21 млрд. теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісім шарттар жасалған. Бірыңғай дистрибьютормен 6,2 млрд. теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді.
Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптасты. Атап айтқанда, 2,1 млрд. теңгеге дәрілік заттар; 90 645 жеке қорғану құралдары жиынтығы; 3 219 121 дана медициналық бетперде және 864 499 дана медициналық қолғап алынды.
Қаладағы дәріханалар, дәрі-дәрмектер қоры мен бөлшек сауда бағаларына сәйкестігіне қарай мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қала дәріханаларында 1,7 млрд.теңге көлемінде COVID-19 індетін емдеуге арналған дәрі-дәрмек қоры бар. Одан бөлек, 6,3 млн. медициналық бетперде қоры құрылған. Қалада орналасқан 2 өндірушінің өндірістік қуаты тәулігіне – 200 000 бетперде.
Материалдық-техникалық жабдықтау бойынша қалаға қосымша 282 ИВЛ алынып, ИВЛ саны 612 бірлікке жетті (156 – ДМ, 126 – ЖБ, 20 – демеушілер). Жаңадан 121 жедел жәрдем автокөлігі жеткізілді.
Қорыта айтсақ, қалада медицина мекемелері дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық бұйымдармен толық қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына Covid19shymkent.kz сайты іске қосылды. Онда әр тұрғын қала дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. 856856 975677An intriguing discussion will probably be worth comment. I believe that you can write read more about this subject, could nicely definitely be a taboo subject but usually folks are inadequate to chat on such topics. To a higher. Cheers 102200

  2. 34352 175124This internet website is typically a walk-through its the data you wished about this and didnt know who ought to. Glimpse here, and youll definitely discover it. 920626

Добавить комментарий для oorbellen Afrika Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.