Шымкенттегі «Металлург» стадионында қалпына келтіру жұмыстары жүруде

Шымкенттегі Металлург стадионында құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Біраздан бері жоспарда жүрген қайта қалпына келтіру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында өткен жылдың наурыз айында қолға алынған.


Мердігер мекеме — «Югстройсервис-Н» ЖШС-ы. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша спортшылар үйінде қабат аралық жабын – 50%, 1504 орынға арналған трибуна металлды құрылым монтаждау – 80%, шағал тас төсеу – 90%, спортзал жер жұмыстары – 40 пайызға орындалды.

Нысанның құрылысына 60 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылған. Құрылысын жыл соңына дейін тапсыру көзделуде.

Айта өтсек, спорт кешені өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған және 2017 жылы әкімдік балансына өткен.

Мұнда ірі спорттық шаралар мен концерттер жиі өтіп тұрған. Алғашқыда қорғасын зауытына тиесілі болған. Кейіннен қараусыз қалған ғимарат жекенің қолына өтті. Қаланың ірі әрі кезінде сәулетті нысанның бірі болған стадионға жанашырлық танытқан қала тұрғындары көп болды. Сөйтіп  нысан 2017 жылы әкімдік балансына өтті. Енді, міне талай қала тұрғындарының жастық шағының куәгері болған стадионның бойына қан жүгіріп, жандана бастады. Айтпақшы билік өкілдері стадионның атауын «Металлург» күйінде қалдырған. 

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.