Шымкенттегі медициналық ұйымдарда комплаенс қызметі енгізілді

Шымкент қаласындағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда комплаенс қызметі енгізілді,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Емдеу мекемелерінде жаңа қызмет түрін комплаенс офицер атқарады.

Комплаенс қызметін енгізудің мақсаты — медициналық ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Нақтырақ айтқанда, медицина қызметкерлері тарапынан ақша талап ету немесе тегін көрсетілетін медициналық қызмет түріне, түрлі анықтамаларға, мүгедектікке шығару кезінде әртүрлі заңсыздықтарға тап болсаңыз, комплаенс офицерге шағымдансаңыз болады.

Комплаенс офицер маманы емдеу мекемелеріндегі фронт офисте тұрғындарды қабылдайды. Жаңа қызмет түрі қаладағы 35 мемлекеттік медициналық ұйымға енгізілген.

«Комплаенс» дегеніміз не? Ағылшын (Compliance) cөзінен аударғанда «Сәйкестік» дегенді білдіреді. Іс жүзінде комплаенс мекеме қызметінің кәсіби тәжірибесімен, этикасымен, заңдық талаптары және басқа да нормалары мен, ұйымды имидждік және басқа да материалдық шығындарға әкеліп соғатын тәуекелдікті азайту және болдырмау мақсатындағы сәйкестікті білдіреді. Сөйтіп келгенде коплаенс – бақылаудың негізгі міндеті осындай немесе басқа да стандартқа сәйкес келмейтін тәуекелдіктің алдын алу.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.