Шымкенттегі үздік ұстаздардың бірі – Анна Алтынбаева

Білім беру кеңістігінде тәжірибесімен білімі бір қатарда үйлескен, өз мамандығының шебері, кәсіби ұстаз Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Дизайн» кафедрасының арнайы пән оқытушысы Анна Алтынбаева.


Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұлағатты ұстаз – «Нағыз ұстаз болу — бақыт әрі абырой» деп санайды. Өзінің білімін үнемі жетілдіріп отыратын Анна ханым тәрбиелеп отырған шәкірттері де әрдайым биік шыңнан көрініп отырады.

Мәселен, оқушысы Қожан Ұлпан «WorldSkills Kazakhstan 2019» — V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып, бас жүлдені жеңіп алған. Ол «Визуальный мерчандайзинг және витринистика» құзіреттілігі бойынша қатысқан болатын. Сонымен қоса шәкірттері «Современный дом», «Ғылыми- зерттеу және шығармашылық жобалар» және ЮНЕСКО жобасы аясында өткен «Балалар әлемді бейнелейді», «Жиһаз бен ағашты өңдеу өнеркәсібі» сынды байқауларға қатысып, үнемі жеңіс тұғырынан көрінген.

20 жылдық ұстаздық жолында жемісті нәтижелерге жеткен Анна Алтынбаева «Үздік педагог-2020» мәртебесін алып, 400 мың теңгенің сертификатына ие болған.

Оның әр ісінен шығармашылықты, жоғары педагогикалық білік пен ізденімпаздықты көре аласыз. Өзінің әдістемелік шеберлігін шыңдап, оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізуде өзіндік жүйе қалыптастырып үнемі жоғары халықаралық инновацияларға теңестіріп отырады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.