
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Асахов фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбасында айтып өтті.
«Өздеріңізге мәлім, қаладағы бірнеше басты жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Көптеген тұрғындардан сауалдар мен пікірлер байқап жатырмыз. Бүгін өзім де арнайы мердігерлердің жұмысын қадағалап, халықтың қолайлылығы мен қауіпсіздігін бақылап қайттым.
Мәселен, Рысқұлов пен Түркістан көшесі аралығындағы Байтұрсынов көшесінде 6 маусымнан бастап, 13 маусымға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түсінеміз, тұрғындар үшін кішкене автобустардың аялдамаларда тоқтауы, кептелістер қолайсыздық тудырып жатыр. Дегенмен, бір-екі күндік бұл кедергілер кейін жылдар бойы сапалы, қолайлы, төзімді, әрі әдемі жолдарға жеткізеді.
Көпшілігі, жыл сайын жөндей береді деп ойлайды. Бұл олай емес. Бір жылы арықтар салынуы мүмкін, бір жылы газ құбырлары мен конализация жүйесі жүруі мүмкін, былтыр жаяу жүргіншілер мен вело жолдар салынды. Биыл, басқа көшеде жолдар салынып жатыр. Мұның барлығы тұрғындар үшін, қаламыз үшін екенін айтқым келеді.
Жалпы, бүгінгі таңда қаламызда 175 көше жөнделіп жатса, биылғы жылы жоспар бойынша 256 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», делінген жазбада.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
If some one wishes expert view on the topic of running a blog then i propose him/her to pay a quick visit this web
site, Keep up the nice job.
764219 328162Hey, you?re the goto expert. Thanks for haingng out here. 357670
764959 238705I really enjoyed your incredible website. Be certain to maintain it up. May god bless you !!!! 984564
887688 877338Some genuinely good info , Gladiola I observed this. 486455
191614 643045Thanks for all your efforts that you have put in this. really intriguing information . 698309