
Шымкентте «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жастарды жұмыспен қамту ісі қарқынды жүргізілуде.
Жұмыспен қамту орталығының мамандары жыл басынан бері 29 жасқа дейінгі 600-ге жуық қала тұрғындарына жолдама берген. Осы жылы аталған бағдарлама аясында 2500 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда.
Бағдарлама аясында жас маманды бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында мекемеге 6 айға жолданады. Содан кейін, тәжірибеден өткен маман екі жақтың келісімімен тұрақты жұмысқа орналасатын болады.
Жастар практикасымен жұмыс істеп жүрген маманға 25 АЕК көлемінде айлық жалақы төленеді.
Бағдарламаның мақсаты – жас маманды жұмыспен қамтып қана қоймай, оның бойында іскерлік қабілеті мен жауапкершілігін арттыруды да көздейді.
«Еңбек» бағдарламасының ІІІ бағыты арқылы еңбек нарығындағы белсенділігі артқан жастардың бірі – Ақбілек Түзелова. Ақбілек Түзелованың жасы 23-те. Ол 2019 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Радиотехника электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген.
2021 жылы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясының филиалына «Жастар практикасы» бағдарламасымен жолданды. Қазіргі таңда «Радиотехник» мамандығы бойынша жұмыс істейді.
Былтыр Шымкент қаласында аталған бағдарламамен оқу орнын бiтiрген 2 953 жас түлек түрлі жұмыс орындарына жолданып, солардың 600-ге жуығы бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылды. Жастардың көбісі мемлекеттік мекемелерді таңдаған.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
485274 474579Good V I should definitely pronounce, impressed with your site. I had no trouble navigating through all tabs as well as related information ended up being truly simple to do to access. I recently found what I hoped for before you know it at all. 619665
961668 449178Im not confident exactly why but this web web site is loading incredibly slow for me. Is anyone else having this issue or is it a problem on my finish? Ill check back later and see if the difficulty still exists. 309896