
Шымкент: Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаларды алу жеңілдей түсті.
Атаулы әлеуметтік көмектің азық-түлік түрі тағайындалған отбасы балаларына жас ерекшеліктеріне сай сүт, жүгері, сұлы жармасы мен балалар ботқасы, тәтті күлше түрлері мен басқа да тағам өнімдері және тұрмыстық қажеттілік заттар салынған пакеттер берілуде.
Азық-түліктер АӘК аз қамтылған отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға беріледі. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілу кезеңінде тікелей баланың жасына байланысты анықталады. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қалада бүгінде 34 мыңнан астам балаға қажетті азық-түлік тұрақты түрде беріліп отыр.
Әлеуметтік пакеттер «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде күнделікті және демалыссыз сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін таратылады. Сауда үйі кепілдендірілген әлеуметтік пакетті тек қана @aspgramadbot телеграм боты арқылы хабарлайды. Бот арқылы азық-түлік беру бекеттерінің мекенжайларын және күні мен уақытын білуге болады. Ол үшін баланың ЖСН нөмірін енгізу қажет. Азық-түлік сапасына арыз-шағым түскен жағдайда сауда үйі затты ауыстыруға кепілдік береді.
Азық-түліктер төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша таратылады:
- Еңбекші ауданы, Жібек жолы 58, «Кабиско» аялдамасы, «Gramad Hypermarket»
- Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі 3, «Айгүл» аялдамасы, «Gramad Supermarket»
- Абай ауданы, Темірлан тас жолы 129, «Бекжан» автовокзалы
- Қаратау ауданы, Қайтпас 1 ш/а Көшеров көшесі 10 үй, «Береке» дүкенінің жанында және Нұрсат ш/а «Шахан» сауда үйі
«ANYQ.KZ» — ақпарат
You are truly a excellent webmaster. The website loading speed is amazing.
It kind of feels that you’re doing any unique trick.
Moreover, the contents are masterpiece. you have done a great activity in this
subject! Similar here: ecommerce and
also here: Dyskont online
684117 485944Oh my goodness! an remarkable post dude. Thank you Even so My business is experiencing difficulty with ur rss . Dont know why Unable to subscribe to it. Can there be anyone obtaining identical rss issue? Anybody who knows kindly respond. Thnkx 83620
456302 272659A quite very fascinating write-up! Ill try to track that continues here! Thank you. 515174
107075 218560Most what i read online is trash and copy paste but i believe you offer something different. Maintain it like this. 59523