Шымкентте инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың құрылыс алаңдарын аралау барысында Шымкент Сити шағын ауданына барды.


Әкім аталған шағын аудандағы «Shymkent «ӘКК» АҚ-мен іске асырылып жатқан «Элит Строй Компани» ЖШС және «Damdes Құрылыс Инвест» мердігерлерінің салып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңында болды.

Онда 60 мың шаршы метрді құрайтын 784 пәтердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, әкім «Shymkent «ӘКК» АҚ-ның қаладағы девелопмент секторын (тұрғын-үй кешендері, сауда орталықтары) дамыту мақсатында атқарып жатқан жұмыс барысы мен жоспарларын тыңдады. Басқарма төрағасы Б.Канкиннің айтуы бойынша ӘКК-ның инвестициялық қоржыны тұрғын-үй кешенін салу құрылысы саласында жалпы инвестиция сомасы 400 млрд теңге болатын 2025 жылға дейін 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бере отырып, 14 жобаны қамтиды.

Сондай-ақ, қалада СО мен жатақханаға да сұраныс бар екенін жеткізді. Осыған байланысты ӘКК инвесторларды тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта 17 әлеуетті инвестор аз қабатты тұрғын үйлер, сауда орталықтарын және жатақхана құрылысы жобаларын жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр. Бұл жобалардың инвестициялық қаржысы 200 млрд.теңгені құрайды.

Өз кезегінде қала әкімі инвесторларды осы бағытта белсенділік танытуға шақырды және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында қандай да бір мәселелер туындаса әрбір кәсіпкерді жеке тыңдауға және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.