Шымкентте тағы бір демалыс аймағы абаттандырылуда

Қажымұқан атындағы орталық стадионның жанындағы демалыс аймағы абаттандырылады.


Мамырдың ортасында жұмысқа кіріскен мердігер компания жаяу жүргіншілер жолындағы жиек тастар мен төсенішті жинастыруда.

Тапсырыс беруші қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жобасы бойынша демалыс аймағы жарықтандырылып, көгалдардырылады. Мұнда 500-ден астам көшеттер отырғызылып, гүлдерді егу де қарастырылған.

Жасыл желектің күтімін қамту мақсатында гүлзарда суғару жүйесі де болады.

«Жұмыстар бастауын алды. Тамызда нысан пайдалануға тапсырылады. Демалыс аймағына жақын орналасқан шағынаудандардың тұрғындары және қала қонақтары осында тынығып, бос уақыттарын тиімді өткізеді. Өйткені мұнда денсаулық аймағы да қарастырылған»,-дейді Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жаманкөз.

Еске сала кетейік, абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 933 млн. теңге қаржы бөлінген. Аталған жұмыстарды қаладағы «Шымкент Спец Комплекс» ЖШС-гі мен «Шымкент Жасыл қала» ЖШС-гі жүргізуде. Мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 100-ден астам азамат жұмыспен қамтылған. Жалпы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына 300-ге жуық жұмысшы жұмылдырылып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.