Шымкентте Қазақстан бойынша ең үлкен автоматты газ-реттегіш стансасы салынуда

Көгілдір отынды қабылдап алып, қажеттіне қарай бөліп таратып отыратын орталық биылғы күзде пайдалануға берілмек. Ол сағатына 250 мың текше метр газ таратуға қауқарлы.


Соңғы үлгідегі заманауи қондырғы миллионды қала тұрғындарын толықтай газандандыруға күші жетеді.Шымкент қаласындағы №3 автоматты газ-реттегіш стансасының құрылыс жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов  мердігерлермен жұмыс барысын пысықтап, сапаға мән беруді жүктеді.
     Шымкенттегі №3 автоматты газ-реттегіш стансасы жоспар бойынша 2021 жылы пайдалануға берілуі керек. Дегенмен, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының пәрменімен құрылыс биылғы жылдың соңында ел игілігіне тапсырылатын болды.  Қала әкімдігінің жұмысты ұтымды үйлестіруінің арқасында  қарапайым жұрт қана емес өндіріс те жүз пайыз көгілдір отынмен қамтылатын болады. Себебі шаһардағы кейбір ірі кәсіпорындар көгілдір отынсыз жұмыс істей алмайды. Оған қоса былтырдың өзінде жүздеген кәсіпкер газ жеткізіп беруді өтінген. 
Осындай мәселелерді тереңінен талдаған қала әкімі  стратегиялық жобаның мерзімінен бұрын жүзеге асуына негіз болды. Бұл жасыл қала экономикасының қарыштап дамуына  серпін бермек.
Қала басшысы жыл басынан бері негізгі басымдықты стратегиялық маңызды жобаларға жұмылдырып, автоматты газ реттегішінің құрылысына қажетті қаржыны дер кезінде бөлдірді. Соның арқасында қала тұрғындары енді табиғи газдан еш қысым көрмейтін  болады. 
Газ құбырының жалпы ұзындығы 58 шағырым. Оның 20 шақырымы «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбырынан автоматты газ реттегіш стансасына дейінгі аралықты қамтиды. Ол жерге сиымдылығы  426 диаметрлі жоғары қысымды газ құбыры тартылуда.  

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.