
Шымкентте «Қаланы басқару» саласы бойынша «109» мониторинг және жедел ден қою қызметі» ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін қолданысқа енгізілетін болады.
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевтің қатысуымен өткен селекторлық жиында белгілі болды.
Айта кету керек, министр Шымкентте цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.
Мәселен, Шымкент қаласы білім беру саласын цифрландыруда көш бастап тұр. Бұл салада балабақшалар, мектептер және басқа да білім беру мекемелеріне құжат қабылдау, жолдама беру бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған.
Шымкентте «Ақылды қалалар» эталондық стандарты мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 негізгі саладан тұратын тұжырымдама жүзеге асырылып жатқанын айтқан қала әкімі М.Әйтенов, бұл бағыттағы жұмыстардың одан әрі жалғасатынын атап өтті.
Ведомство басшысына қаладағы цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған қала әкімінің бірінші орынбасары Е.Садыр денсаулық сақтау саласында медициналық мекемелер жыл соңына дейін 100% компьютерлік техникамен қамтылатынын жеткізді. Оның айтуынша, мегаполисте «103» жедел медициналық қызметін жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Жоба негізінде маусым айында тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету, қоңырауларды үзіліссіз қабылдау үшін Call-орталық құру көзделіп отыр. Сонымен қатар, әкімдік тарапынан көрсетілетін 160 мемлекеттік қызметтің 141-і автоматтандырылған, бұл 88,1%-ды құрайды.
Бұдан бөлек, жер қатынастары саласын цифрландыру мақсатында өткен жылы halyksaulet порталы іске қосылды. Halyksaulet арқылы мекенжайға нөмір беру, оны нақтылау және жою қызметтері автоматтандырылған жүйе арқылы бір жұмыс күнінің ішінде ұсынылып жатыр. Бүгінде шаһарда бас жоспардың инвестициялық картасы (shymkent.genplan.kz) әзірленген. Ендігі кезекте Шымкент қаласының геопорталы даындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
7387 185045Perfectly written subject material , thanks for selective data . 738004
692381 296052Superb post but I was wanting to know in the event you could write a litte far more on this subject? Id be quite thankful in the event you could elaborate a little bit more. Thanks! 841865
47963 258628Outstanding post, I feel individuals should learn a great deal from this web web site its rattling user genial . 366836