Шымкентте 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Жыл басынан бері Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек 34 862 отбасыға көрсетілді. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.


Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше жәрдемақы 30 472 отбасына шартты ақшалай болса, 4 390 отбасына шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. Осылайша қаладағы мұқтаж жандарға 2411,1 млн.теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.

Салаға жауаптылар жылдан-жылға жәрдемақы алуға өтініш білдірушілер қатары артып отырғандығын айтады.

Еске сала кетейік, былтыр мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 44 мыңға жуық отбасыдан өтініш қабылданып, жергілікті комиссия шешімімен 33 мыңға тарта отбасыға 17,8 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын.

Биылға мұқтаж отбасыларды қолдауға 13 529,8 млн. теңге көмек көрсету жоспарланып отыр.

Айта кету керек, АӘК әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға төленеді. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. АӘК мөлшері отбасының әр мүшесі үшін орташа жан басына шаққандағы табыс пен отбасының әрбір мүшесінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ның арасындағы айырманы құрайды.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.