Шымкенттік дәрігерлер шетелдік білікті мамандармен тәжірибе алмасады

Шымкенттік дәрігерлер шетелдік білікті мамандармен тәжірибе алмасатын болды. Осы мақсатта төрт жақты меморандумға қол қойылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


8 сәуір күні №1 қалалық клиникалық аурухана базасында «Эндопротездеу және остеосинтездің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.

Шара аясында Германия, Ресейден келген дәрігерлер мен №1 қалалық клиникалық ауруханасы мен ОҚМА арасында төрт жақты меморандумға қол қойылады.

Ынтымақтастық туралы келісім аясында жергілікті дәрігерлер шет елдік мамандармен бірігіп күрделі оталар жасайтын болады. Сондай-ақ аталған мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары өткізіледі деп жоспарлануда.

№1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері А.Домбай мұндай шетелдік тәжірибе алмасу жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, сонымен бірге Шымкентте медициналық туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді дейді.

«Біз мегаполис болғандықтан, науқастар басқа қалаға барып ем іздемеуі керек. Сондықтан біз №1 қалалық клиникалық аурухананың емдеу мүмкіндігін арттырып, науқастар үшін барлық жағдайды жасадық»,-дейді ол.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.