
Шымкентте абаттанған көшелер тұрғындар игілігіне берілуде. Шымкентте бірқатар көшелерде жол-құрылыс жұмыстары аяқталды.
Қыркүйек, қазан айларында абаттанған көшелерді тұрғындар игілігіне беру жоспарланғанын бұған дейін хабарлаған едік.
Атап айтқанда, Самал-2 шағынауданындағы Ризалық көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «Сиқым Олжас» ЖШС-і құрылысты жоспарға сай атқарды. Көшенің ұзындығы — 800 метр, ені — 5 метр.
Таскен тұрғын алабындағы №115 мектепке баратын атауы жоқ көшеге жаяу жүргіншілер жолын орнату жұмыстары «Сиқым Олжас» ЖШС-гі тарапынан орындалды. Жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы — 680 метр. Бүгінгі таңда аяқ жол пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, Жаңаталап тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге орташа жөндеу және жаяу жүргіншілер жолын орнату («Достық СпецТранс» ЖШС-і), Ақниет шағынауданы Рауғаш көшесінде орташа жөндеу («Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і), Ынтымақ шағынауданы Жібек жолы көшесінде орташа жөндеу жұмыстары («Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і) толығымен аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
Why users still use to read news papers when in this technological globe the whole thing is existing on web?
304680 59583I definitely did not realize that. Learnt something new correct now! Thanks for that. 527170