Шымкент: Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу 1 қыркүйекке дейін жалғасады

Шымкентте Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі еліміздің аумағына кіргізілген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары басталды.


Шымкентте ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қаулысы негізінде Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі еліміздің аумағына кіргізілген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары басталды.

Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.
Оған 695 теңге (0,25 АЕК) — тіркеу үшін алым;
3 773 теңге (1,25 АЕК)- көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;
7 778 теңге (2,8 АЕК)- мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.
Шымкент қаласы бойынша көлік құралдарын тіркеу үшін құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған бөлімдерінде қабылдануда.
Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеудің бірінші күнінен бастап көліктерін тіркеу үшін құжаттарын тапсырып жатқан азаматтар қатары қалың. Сондай-ақ, қала тұрғындары дұрыс шешім қабылдап, халық үніне құлақ асқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, көліктерді тіркеу 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.
Аталған мәселеге қатысты сұрақтарыңыз болса, Шымкент қаласы Полиция департаментінің 8/7252/ 30-02-02 және 97-66-95 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.