Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты үй аулаларының 89 пайызы жаңартылды

Шымкентте аулалар абаттанып, алаңшалар жаңаруда.


Былтырғы жылы аталмыш аудандағы 64 үйдің есік алды абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған. Бұдан бөлек, тозығы жеткен 43 аула қайта жөндеуден өткен.

Ауданы бойынша 630 көпқабатты үй бар. Бүгінде олардың 565-інің ауласы абаттандырылып, жаңадан ойын алаңшалары орнатылған. Солардың бірі, былтырғы жылы бой көтерген Лев Толстой көшесіндегі  121 «А» көпқабатты үй ауласындағы ойын алаңшасы.

«Бұрын  үйіміздің алдында балалар алаңшасы жоқ еді. Мамандар мұны ескеріп, жаңа алаңша салып берді.  Қазір бірауыздан айтқанда халық риза. Бәрінің бала-шағасы осында күніне бір мезгіл шығып ойнайды»,- дейді тұрғын  Гүлбану Еркебаева.    

 Аудан аумағында былтырғы жылы 64 үйдің ауласы абаттандырылған. Сонымен қатар, тозығы жеткен 43 көпқабатты үйдің есік алды жаңартылып, заман талбына сай балалар ойын элеметтері қойылған. Сапа стандартынан мүдірмей өткен отандық өнімдерге кепілдік мерзімі 3 жыл деп бекітіліпті. Биыл да бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында ең алдымен тұрғындардың өтініштерін басты назарға алыныпты. 

«Былтырғы жылы қараша айында аудан аумағында халық қатысатын бюджет жобасы іске қосылды. Жоба аясында тұрғындар өзінің бір ай көлемінде ұсыныстарын берді. Тұрғындардан 28 үйдің ауласын абаттандыруға 14 жобалық ұсыныстар келіп түскен болатын. Олардың барлығы сараптамалық кеңесте қаралып, бюджет нақтылығына ұсынылды. Жалпы 2021 жылға ауданның жоспары бойынша  78 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда олардың  сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттік өнімге берілді»,- дейді Еңбекші аудандық әкімі аппаратының бөлім басшысы   Еркебұлан Қаратүнов. 

 Еңбекші ауданы бойынша бұқаралық спорттық дамыту мақсатында 100 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланып, 2020 жылға дейін 79 ашық спорт алаңшалары салынған. Ал, былтырғы жылы 79 миллион теңгеге 6 ашық спорт алаңшасы орнатылған. Биыл тозығы жетіп, ескірген 15 спорт алаңшасын қайта құру көзделуде екен.  

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.