Шымкент: Бадам каналында су электр станциясы салынбақ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданын аралау барысында Маятас тұрғын алабындағы «Бадам» каналына барды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Мұнда инвесторлар арқылы су электр станциясының құрылысы жүргізілмек.
«Бадам» каналындағы кіші су электр станциясының қуаттылығы 1МВт болады деп жоспарлануда. Бұл қалалық орта үшін шуылы өте аз инновациялық суасты станциясы. Өндіріс қуаты жылына 8,5 млн. КВт.
Жобаның құны – 738 миллион теңге. Яғни, жабдық сатып алу, су электр станциясының ғимаратын салу, 1,5 км құбыр тарту жұмыстары атқарылады.
Сонымен қатар, су электр станциясы заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталады. Атап айтқанда, Германияның DIVE технологиясы бойынша жұмыс істейтін болады. Жаңа станция құрылысында 16 адам жұмыспен қамту көзделуде.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда аталған тұрғын алаптың басты мәселесі – №105 жалпы орта мектебінің ескі ғимараты болып тұр.
2015 жылы білім мекемесінің жанынан 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілген. Онда қазір 900-дей оқушы білім алады.
Ал мектептің ескі нысаны жарамсыз күйде тұр. Балалардың қауіпсіздігін сақтауда Мұрат Әйтенов апатты ғимаратты тез арада сүру туралы тапсырма берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.