
Бүгін Шымкент қаласының барлық аудан аумағында сенбілік іс-шарасы өтуде,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оған қала әкімдігінің құрылымдық басқармалардың, аудан әкімдігінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ЖОО студенттері қатысуда.
Іс-шарада жасыл аймақты, аяқжолдарды, ирригация жүйелерін, сынған бұтақтарды және қоқыстардан арылту, қала аумағындағы саябақтар, гүлзарлар және аллеялар, «Қошқар ата» өзені жағалауының тиісті бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік іс-шарасы «Жасыл қала» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Қаланы таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту, тұрғылықты мекенжайымызды таза ұстау — азаматтық борышымыз
Сондай-ақ, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні және «Жасыл қала» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шарада қала әкімі М.Әйтенов түрлі этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызып, қаланың көркеюіне өз үлесін қосты.
Онымен бірге, бүгін шаhардағы ескі қалашық аумағында «Shymkent» этноауылы ашылып, жұмысын бастады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
41229 182643I observe there is plenty of spam on this weblog. Do you want assist cleaning them up? I may assist among classes! 872200
901873 901864You got a extremely very good website, Gladiola I discovered it by means of yahoo. 342920