Шымкент: «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттарға конкурс өтікізіледі

Шымкентте «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.


Мекенжайы: Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы. Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 (фронт-офис, Шымкент қаласы әкімдігінің 1 қабаты).

Құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

Пошталық мекенжайы: 160000.

Байланыс телефоны:8 (7252) 24-75-12, 24-74-23,24-75-25.

Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 28 қыркүйек – 12 қазан 2020 жыл, жұмыс күндері сағат 10.00-17.00

12 қазан сағат 13.00-ге дейін көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде танысуға болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.