Шымкент: Демалыс күндері ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Әр аптаның сенбі және жексенбі күндері карантин талаптарын сақтай және жеке қорғану шараларын басшылыққа ала отырып сағат 08.00-15.00 аралығында АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ өтеді.


СЕНБІ КҮНДЕРІ:

— Шымкент қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионының алаңы аумағында (қоғамдық көліктер: №10, 20, 43, 109, 120, 146);

— Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «1001 ұсақ-түйек» сауда қатарының алдында өтеді (қоғамдық көліктер: № 5, 20, 26, 45, 74, 87, 96, 102, 118, 143, 145, 182).

ЖЕКСЕНБІ КҮНДЕРІ:

— Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов көшесі № 2/4 «Әсел» сауда кешенінің аумағында (қоғамдық көліктер: №74, 84, 20, 43, 52, 126, 77, 93, 92, 10, 115, 14, 147);

— Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Нұрсәт мөлтек ауданы № 7/1 «Рахима Плаза» сауда кешенінің жанында өтеді (қоғамдық көліктер: № 10,14, 20, 92, 93, 115, 147,150).

Аталған жәрмеңкеде Түркістан, Жамбыл облысы және жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруақожалықтары өз өнімдерін ұсынатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.