Шымкент: Егу науқаны басталғалы барлығы 63097 адам вакцинацияланды

Шымкент қаласында өткен тәулікте ковид инфекциясына қарсы 2756 адам вакцина салдырды.


Бұл – өте төмен көрсеткіш. Ковид-19 бойынша өткен штаб отырысында қаламызда күніне кемі 10 000 адам вакциналаудан өтуі керек делінген-ді. Ал егу науқаны басталғалы барлығы 63097 адам вакцинацияланды.

Оның ішінде 6795 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 18 сәуір күні 411 нысанға (403 кәсіпкерлік, 8 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 114 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 69, белгілері жоқ — 45). 38 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 76 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, Атамекен клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын), төсек-орын толымдығы – 45%, 551 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 459 науқас емделуде (КВИ-284, пневмония-163, ЖРВИ-12).

Қала тұрғындарын бетперделік режимді сақтап, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина егу екенін айта кетейік. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 584057 725077Safest messages, or a toasts. are typically launched at 1 point during the wedding but are likely to just be hilarious, humorous to unusual as properly. best man jokes 800493

Добавить комментарий для Aviator Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.