Шымкент: Жаңа аппаратпен миға тамыр жолдары арқылы ота жасалатын болды

Таяуда Шымкент қаласына қоныс аударған білікті нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев алғашқы отасын жасады.


Жедел жәрдеммен ауруханаға түскен 57 жастағы әйел инсулть алған екен.

— Науқас субарахноидальды қан құйылумен алғашқы аневризма-геморрагиялық инсультпен түскен. Оған мидың КТ-да-субарахноидты қан кету, КТ ангиографиясы жасалғанда — сол жақ ішкі каротид артериясының аневризмасы анықталды. Сондықтан шұғыл түрде жаңа биплан ангиографында рентгенэндоваскулярлық әдіспен, яғни бас сүйегін ашпай ота жасалды. Ангиографта КТ бақылау операциясы жүргізілді, — дейді білікті нейрохирург.

Дәрігердің айтуынша, ота сәтті жасалып, қан кету көзі жойылған. Әрі қарай науқасқа емдеуді толық жүргізуге болады.

Айта кетерлігі, өткен жылы қалалық ауруханаға соңғы үлгідегі ангеограф аппараты алынған болатын. Бұрын басына қан құйылған науқасқа бас сүйегін ою арқылы ота жасалса, жаңа аппаратпен миға тамыр жолдары арқылы ота жасалатын болды.

Еске сала кетсек, Мыңжылқы Бердіқожаев жақында Шымкент қаласындағы №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалған болатын. Мыңжылқы Сайлауұлы еліміздегі нейрохирругия саласын дамытып, әлемді мойындатқан білікті дәрігер. Алтын қолды хирург бүгінге дейін 5000-нан аса бас миының тамырларына жоғары технологиялық отасын жасаған.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 191214 352028It was any exhilaration discovering your website yesterday. I arrived here nowadays hunting new issues. I was not necessarily frustrated. Your tips soon after new approaches on this thing have been helpful plus an superb assistance to personally. We appreciate you leaving out time to write out these items and then for revealing your thoughts. 568892

Добавить комментарий для โอลี่แฟน Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.