Шымкент: Жемқорлыққа қарсы қабылданған стратегияның басты бағыты – превенция

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бастығы Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали  сыбайлас жемқорлықты жою жолында атқарылып жатқан іс-шараларды баяндады.


«Еліміз сыбайлас жемқорлықтан арылмай, ілгерілеуіміз, қарқынды дамуымыз көптеген кедергілерге тап болуы мүмкін. Сондықтан біз мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, кешенді шараларды қабылдаудамыз. Өздеріңіз білесіздер, жемқорлыққа қарсы қабылданған стратегияның басты бағыты – превенция, яғни жемқорлықтың алдын алу. Осы орайда департамент жыл басынан бері 624 алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның жартысынан көбі (329) онлайн форматында ұйымдастырылды. Бұл шаралар 439 мыңға жуық адамды қамтыды»,-деп атап өтті Асхат Жұмағали.

Департамент басшысы қаламызда жуырда іске қосылған «Antikor Live» және «Adal Komek» жобалары жайлы да айтып өтті.  Онда мемлекеттік органдар қызметіндегі қоғамның рөлі туралы мәселелер талқыланып, мегаполис тұрғындарына құқықтық кеңестер беріледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат көрсетіледі.

Сондай-ақ «Shymkent Adaldyq Alańy» жобалық кеңсесінің атқарған жұмыстарын баяндады. 

««Shymkent Adaldyq Alańy» аясында 179 мемлекеттік мекеме Open space форматына көшіп, 287 мекеменің жетекшілері бірінші қабатқа түсті. «Сапалы жол» жобасы аясында 10 рейдтік шара өткізіліп, 59 кемшілік анықталды. Олардың 42-і қалпына келтірілді. Алдын алу жұмыстарының маңызды құрамдас бөлігі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдап, мониторинг жүргізу. Тек биылдың өзінде 4 сыртқы талдау және 6 мониторинг жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік органдарға 100-ге жуық ұсыныс енгізіліп, олардың үштен бірі орындалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басымдықтары бағытында мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Талдау мегаполистің барлық маңызды салаларын қамтыды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2 миллиард 400 миллион теңге бюджет қаражаты үнемделді.»,-деді департамент басшысы. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.