
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында жолаушыларды тасымалдаушы компания өкілдерімен жиын өткізді.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
– Жасыратыны жоқ, қалада әлі карантин жалғасып, маскалық режим қатаң талап етілгенімен, кейбір қала тұрғындары бейқамдық танытып, автобустар мен қоғамдық орындарда маскасыз еркін жүр.
Осыған байланысты, талапты күшейтіп, қоғамдық көліктерде бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз.
Өздеріңіз білесіздер, COVID 19 пандемиясының симптомсыз түрінің таралуымен қатар, тұмау, аллергия сынды аурулар да белең алуда.
Осы ретте, қала тұрғындарын санитарлық талаптарды қатаң ескере отырып, маскалық режимді сақтап, жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.
Егер жағдай жақсармаса, қайта шектеу қою шараларын енгізуге мәжбүр болатынымызды ұмытпауымыз керек, деді басқосуда Мақсұт Исахов.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 335 адам коронавирус дертімен ауырса, індеттің белгілері жоқ 656 тасымадаушы тіркелді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Hello! I’m at work surfing around your blog from my new iphone 4!
Just wanted to say I love reading through your blog and look forward
to all your posts! Carry on the great work!
570861 568552Wow, wonderful weblog layout! How lengthy have you ever been running a blog for? you make running a weblog glance effortless. The total appear of your internet site is magnificent, well the content material material! 490133
118358 445167You developed some decent points there. I looked over the internet for your issue and discovered a lot of people will go along with together with your website. 961039