Шымкент: Жол сапасына ұдайы мониторинг жүргізіліп келеді

Шымкентте жолдардың сапасына ұдайы мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қалалық  филиалы жол құрылысының сапасын жіті  бақылап отыр.  


Мәселен ағымдағы жылы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалы қайта құру, жөндеу және құрылыс объектілеріне 131 рет рейдке шығып,  255 жол-құрылыс материалдарының сынамасын алып, сынақтан өткізген.  Оның ішінде 124 сынама талапқа сай болмай шыққан.  Қысқасы, 463 ақаулар пен кемшіліктер анықталған. 

«Бүгінгі таңда ол ақаулар жөнінде  мердігерге, тапсырыс берушіге хаттармалар толтырылды.  Қазір  қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК  Шымкент қалалық филиалының директоры  Мұхтар Дүйсембеков.  

Жалпы ағымдағы жылы мегаполистің 256 көшесі жаңғыртылады. Оның 225-і орташа, алтауы күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұл мақсатта 26,9 миллиард теңге жұмсалады.

Айта кету керек, Мониторинг барысында мамандар арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жолдың енін өлшеп, қалыңдығын анықтап, асфальтті-бетон жабынның көлік жүретін бөлігіне сараптама жүргізу үшін асфальтті-бетон жабыннан сынама алды. Алынған үлгілер арнайы сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде салынып жатқан объектіге тиісті баға берілетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.