Шымкент: Залалсыздандыру жұмысына сарбаздар мен әскери техникалар жұмылдырылды

Шымкент қаласында залалсыздандыру жұмыстарына сарбаздар мен әскери техникалар жұмылдырылды. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы.


Абай ауданы аумағында дезинфекция жұмыстары үзіліссіз жалғасуда.

Атап айтқанда «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің 2 техникасы 4 қызметкерімен, елді мекендердегі ішкі орамдық көшелерді дезинфекциялауда.

Сонымен қатар, әскери бөлімнің 2 техникасы және 25 сарбазы 26 үйдің ауласын індетке қарсы дәрілеуде.

Одан бөлек аудан аумағында орналасқан екінші деңгейлі банктерде өз есептерінен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ үшінші мегаполистегі ірі сауда орындары дезинфекциялануда. Атап айтқанда,

Еңбекші ауданында орналасқан Айна базарында аптаның әр дүйсенбісі тазалық күні. Бүгін базар толығымен коронавирусқа қарсы дезинфекцияланды.

Залалсыздандыру жұмыстары аудандағы өзгеде сауда орындары мен адамдар көп шоғырланатын аумақтарда жүргізілді.

Бұдан бөлек, темір жол вокзалы, қоғамдық көліктерге толығымен үздіксіз дезинфекция жұмыстары жасалып жатыр. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары тарапынан тұрғындарға бетперде тағу жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.