Шымкент: Зообақтың 63 павильоны жаңартылып жатыр

Шымкентте зоологиялық бақта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев Инстаграм парақшасында айтып өтті.


– Шымкент зообағы келушілер үшін әзірге жабық. Бірақ бұл – зоологиялық бақ жұмыс істемейді деген сөз емес. Онда жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілуде. Зообақ басшылығы, мердігер мекеме және жобалаушы өкілдерімен өткен көшпелі отырыста жұмыстардың барысын талқыладық.

Зоологиялық парктің 63 павильоны қайта жаңартылып жатыр. Олардың әрбірі жануарларға барынша жақсы жағдай жақсарту мақсатында жабдықталады, – деді қала әкімінің орынбасары.

Зообақта жөндеу жұмыстары бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылуда.

2015 жылы 10 павильон, 2018 жылы 9 павильон жөндеуден өткен. «Мердігер мекеме «MabexTrade Ltd» ЖШС-інің жұмысына ескертпелер берілді. Оларды бір ай ішінде ретке келтіруді тапсырдым. «Аралас павильон» мен «Азия» павильонын қайта құру қарастырылған. Жоба бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Мердігер мекемелерден құрылыс мерзімін сақтауды талап еттім. «Оңтүстік және Солтүстік» континенттердің 27 павильонын жөндеу жоспарлануда. «Корпорация Береке» ЖШС-мен жобаны жақсартуға бағытталған өзгерістерді талқыладық» деп атап өтті Б.Мамыталиев.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.