Шымкент: Карантин талаптарының сақталуының нәтижелері баяндалды

Шымкент: Карантин талаптарының сақталуының нәтижелері баяндалды. Карантин талаптарының сақталмауы бойынша қалада бүгінге дейін жалпы 407 хаттама толтырып, 27 миллион 2160 теңге көлемінде айыппұл салған.


Шымкент қаласының Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов карантин талаптарының сақталуы және құқық бұзу фактілерінің алдын алу бойынша баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайдыШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникацияық орталығы.
 
Департамент басшысының айтуынша, карантин режимі енгізілгеннен бері Шымкент қаласында 513 құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Оның ішінде мобильді топ өкілдерімен анықталғаны – 351 жайт.
 
Жалпы полицейлер халыққа айыппұл салу кезінде үш рет ескерту жасап барып, хаттама толтырған. Бүгінге дейін жалпы 407 хаттама толтырып, 27 миллион 2160 теңге көлемінде айыппұл салған.
 
Күнделікті жағдайдың өзгеруіне байланысты полицейлердің қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында бірқатар қосымша шешімдер қабылданып, бақылау күшейтілген.
 
Жалпы полиция генерал-майоры Ералы Мұсаәліұлы БАҚ өкілдерімен ашық әңгіме өрбітті. Көкейдегі мазалаған сұрақтардың барлығына жан-жақты толық жауап берді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.