Шымкент: Мамандар шомылу маусымында қауіпсіздік сақтауға шақырды

Шымкенттік төтенше жағдайлар мамандары судағы қауіпсіздікті сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталды. Қазірдің өзінде жағалауда ересектерді айтпағанда ата-ана қарауынсыз шомылып жүрген бүлдіршіндер көп.

Рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізген Еңбекші ауданы ТЖБ кызметкерлері мен ауданы әкімдігі, учаскелік полиция қызметкерлері бүгін осындай азаматтарға ескертулер жасады.

Бадам өзені жағалауына және «Бадам-Рахат» демалыс орнына тексеру жүргізген мамандар, адамдарга такырыпты жаднамалар мен үнпарақтар таратты. Сонымен қатар шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндіру сабақтарын жүргізді.
Сондай-ақ, Сайрам өзені бойы мен Шапырашты елді мекеніне тексеру жүргізілді.

Бұл жұмыстарды Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және аудан әкімшілігі, учаскелік полиция бөлімінің қызметшілерімен бірлесе отырып іске асырды. Яғни ауыл ішіндегі канал, арықтар мен өзен бойы бақыланды. Бұдан бөлек, арнайы жадынамалар таратылып, шомылуға тыйым салу тақтайшалары орнатылды.

Айта кетейік, рейд барысында БАҚ өкілдерінен «Отырар ТВ» телеарнасы бірлесе тексеру жұмыстарын жүргізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Une fois la plupart des téléphones mobiles éteints, la restriction relative à la saisie d’un mot de passe incorrect sera levée. À ce stade, vous pouvez accéder au système par empreinte digitale, reconnaissance faciale, etc.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.