Шымкент: «Менің Отаным-Қазақстан» атты онлайн жарысының жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласы «Дарын» орталығы 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған сурет және мәнерлеп оқу онлайн сайысын қорытындаланды.


Сайысқа мәнерлеп өлең оқу бойынша 235 жұмыс,сурет салу бойынша 236 жұмыс қатысты.

Бүлдіршіндердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімін қалыптастыру, балалардың шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу, өнер саласында эстетикалық талғамын қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға барлық мемлекеттік, жекеменшік балабақша тәрбиеленушілері мен мектепалды даярлық топтарының оқушылары қатысты. Олар еңбектеріне қарай, І, ІІ, ІІІ -дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Айта кетейік, сайыстың ережесі бойынша, қатысушылар балабақша тәрбиеленушілері «Менің Отаным — Қазақстан!» тақырыбында салған сурет немесе мәнерлеп өлең оқыған видео жазбасын ұйымдастырушыларға электронды түрде жіберуі керек болған. Сурет байқауы бойынша материалда орындалған суреттер жұмысы қалаған қағаз түріне кез-келген бояу құралдарын пайдалануы мүмкін. Байқауға ұсынылған жұмысты суретке түсіріп немесе сканерден өткізу шарт. Жұмыстар А4 бетінде салынған болуы керек. Сондай-ақ, қатысушының еңбегі 1 данадан артық болмауы қажет. Ал, мәнерлеп өлең оқу байқауы бойынша өлең жолдары төрт шумақтан, видео ұзақтығы 1 минуттан аспауы қажет.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.