Шымкент: Меценаттардан тарихи нысандарға қамқорлық

Шымкент қаласында Мұса пайғамбардың серігі саналатын Қызыр Пайғамбардың 18-19 ғасырларға тән тарихи мұнарасы бар. Сайрам тұрғын алабында орналасқан бұл нысан — туристік, мәдени, ерекше нысандардың қатарында,-деп жазды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Мұнара әлемге әйгілі Пизан мұнарасы секілді 15’С-қа оңға қарай қисайған. Нысанның биіктігі 10,5 м болып, жер сілкінісінің нәтижесінде қазір 5,7 метрге жеткен.

Кейінгі кезде мұнараның, өзге де ескерткіштердің сыртқы келбеті тозып, күтіп-баптауды, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осыған орай қаланың туризм орталығы меценаттардың көмегімен жаңа жобаны қолға алды.

Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Жобаға алғаш болып қаламыздың тұрғыны, меценат Мырзатаев Бауыржан мырза демеушілік көрсетіп, тарихи мұнараның аумағын абаттандыруға қолғабыс жасап, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аяқталған соң, тағы бөлісе жатармыз. Қалаға деген қамқорлықпен осылай өзімізге және туристерімізге жайлы қала жасайтынымыз анық» делінген жазбада.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.