Шымкент: Мешіттерде намазды маскамен оқу міндеттеледі

Шымкент: Мешіттерде намазды маскамен оқу міндеттеледі,-деп хабарлайды kz.otyrar.kz ақпараттық агенттігі.


Шымкент қаласындағы мешіттер қайта ашылуға дайын. Тек, ескеру керек намаз әзірге жамағат болып оқылмайды. Бір сәтте 15 адамнан қабылдаймыз деген дін өкілдері құлшылық қылам деушілерді кезекпен кіргізеді екен.

Сондай-ақ, Алланың үйіне кіріп-шығу да бұрынғыдай болмайды екен. Мұсылмандар бір есіктен кіріп, басқа есіктен шығуы керек. Қатерлі індеттен сақтық шаралары мұнымен бітпейді. Атап айтқанда, карантин кезінде бес парыздың бірін жұрт мешітте бетперде киіп оқитын болады. Еске сала кетейік, күні кеше 18 мамырдан бастап іске қосылатын нысандар тізіміне мешіттер де кірген еді.

 «Барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Алдымен құран оқытуға келетіндерді және неке қиятындарды қабылдаймыз. Одан кейін намаз оқуға рұқсат беріледі. Бірақ, жамағат болып емес. Кезекпен»,-дейді  Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхаметжан Естеміров.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.