Шымкент: «Сайрам» тұрғын алабында 2021 жылы 8 көше жөндеуден өтеді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының барысымен, қоғамдық көлік бағыттарының жағдайымен танысты.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сатыбалдиев-Машраб көшелерінің қиылысындағы құрылыс барысын аралап көрді. Тұрғын алаптағы 79 көшенің жалпы ұзындығы – 247,5 шақырым: асфальт жол – 145,3, тас жол – 102,2 және топырақ жол – 0 шақырым.

2021 жылы 8 көше жөндеуден өтеді. Жалпы ұзындығы – 14,8 шақырым. Атап айтқанда, мердігер «Нұрлы жол» ЖШС бүгінде Cыдықхан ата ( 2,2 шқ), Гозохан көшесінде (3,0 шқ) жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС Марьям ана, Хавазмат ата көшесінде (1,1 шқ) жөндеу жұмыстарын бастады. Орындау мерзімі – мамыр-маусым айы.

Айта кетсек, бүгінде тұрғын алапқа №30 – Сайрам — Акбар базар, №139 Сайрам – Ордабасы, №148 Шапырашты – Акбар базар бағытында қоғамдық көлік қатынауда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 476920 515403An intriguing discussion is going to be worth comment. Im confident which you want to write a lot more about this topic, it may well not be a taboo topic but typically consumers are too few to chat on such topics. To yet another. Cheers 788516

Добавить комментарий для ข้อดีการเล่น คาสิโนออนไลน์ กับ LSM99 Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.