
Еліміздің үшінші мегаполисін сапалы интернетпен қамту жайы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында әкім әр он күн сайын осы салаға жауапты мамандардың басын қосып, интернет сапасын жақсарту шаралары қалай жүргізіліп жатқанын пысықтауда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қашықтан оқу барысында ата-аналардан интернет сапасының нашарлығы туралы көптеген шағымдар келіп түскенін айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы төтенше жағдай кезінде қала аумағы сапалы интернетпен қамту мен жылдамдығын күшейту мәселесі әлі күнге шешілмегенін көрсетті деді.
Осы ретте, әкім интернет желісінің жұмыс істеу сапасын жақсарту мақсатында, байланыс операторларымен бірлесе, байланыс желісінің сапасы төмен жерлерді анықтап, өлшем жұмыстарын жүргізуді және сапасы нашар қамтылған аймақтарда қосымша базалық стансаларды орнату бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі келесі басқосуға дейін интернетпен қамту мәселесі бойынша 5 және 10 жылдық даму жоспарын дайындауды тапсырды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Ivyspring International Publisher; 2018; 9 3874 3885 10 precio priligy 30 mg
491129 97839Howdy! This is my first comment here so I just wanted to give a quick shout out and tell you I truly enjoy reading through your articles. Can you recommend any other blogs/websites/forums that go over the same subjects? Appreciate it! 775846
770648 750327This post contains fantastic original thinking. The informational content here proves that items arent so black and white. I feel smarter from just reading this. 960463