Шымкент: Түркістан көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүруде

Биыл Шымкентте 256 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді. Солардың бірі — Әл-Фараби аумағында орналасқан Түркістан көшесінде (Әл-Фараби алаңынан Ж.Адырбеков көшесіне дейінгі аралықта) мердігер мекеме «АЗИЯКОМПЛЕКССТРОЙ» ЖШС тарапынан 1,8 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


– Жолдың ені 14,7 метр, екі жағынан 1,4 кеңейеді. Қосымша жауын суы жиналатын құбыр орнатылуда, ағын су сонымен үлкен канал-арықтарға құйылады. Жол бойында асфальт, жарықтандыру жүйесі, жаяу жүргіншілер жолы және бағдаршам мен аялдама, веложолақтар, арық жүйесі қарастырылған. Көпшілігі, жыл сайын жөндей береді деп ойлайды. Бұл олай емес. Бір жылы арықтар салынуы мүмкін, бір жылы газ құбырлары мен конализация жүйесі жүруі мүмкін, былтыр жаяу жүргіншілер мен вело жолдар салынды. Биыл, басқа көшеде жолдар салынып жатыр. Мұның барлығы тұрғындар үшін, қаламыз үшін екенін айтқым келеді., — дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов. 

Аталған көшелерде жөндеу жұмыстарын 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.