ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевтың тапсырмасы бойынша «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мектептерге компьютерлер мен ноутбуктер сатып алу жөніндегі комиссияның жұмысына қоғамдық бақылау жүргізді. Жаңа оқу жылына байланысты Шымкент қаласының білім басқармасы мұқтаж отбасылар үшін жаңа компьютерлер, планшеттер мен ноутбуктер сатып алатын болады.
«Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» жобалары аясында білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бітіруші студенттері мен магистранттары арасында өткен 50-ге жуық экзамен, тестілеу және дипломдық жұмысты қорғау бойынша ашықтық принципін және академиялық адалдықты қалыптастыру мақсатында жобалық кеңсе қызметкерлері онлайн форматында бақылау жұмыстарын жүргізді.
Өздеріңізге мәлім, ҰБТ-дің ашықтық принципін қалыптастыру мақсатында құрылған мониторингтік топ жұмысы өз нәтижесін көрсетті. Тестілеудің ашықтық және әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында 200-ге жуық оқушылар смартфон, шпаргалкалармен ұсталынып, тестілеуге жіберілмеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат