Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Өмірге үміт сыйлаңыз» акциясына қатысты.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Донор күні» қарсаңында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс-шара» акциясы аясында қалалық қан орталығында қан тапсыру іс-шарасы өтті.
Аталған акцияға төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру қызметінің, «Қазселденқорғау» Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері, сондай-ақ, «Жас отан» жастар қанатының және «Жастар ресурстық орталығының» еріктілері қатысты.
Қан орталығында акцияға қатысушылар толық медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлер тарапынан пайдалы кеңестер алды. Қайрымдылық іс-шарада департаменттің 30 қызметкері мен 30 волонтер 30 литр (әр қайсысы 450 граммнан) тапсырып, «Өмірге үміт сыйлаңыз» игі іс-шараға өз үлестерін қосты.
Шымкент – қайырымды қала. Қала жастар, белсенділері, әрбір азаматы өз ісімен бұл сөздің біздің қаламыз туралы дәл айтылғанын дәлелдеп келеді.
Айта кетейік, қасиетті Рамазан айындада қала азаматтары үздіксіз қайырымды шараларын ұйымдастырып, республикада көш бастады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?