Шымкент: Қала кіреберістеріндегі блок-бекеттер жұмысын жалғастырады

Шымкентте қала кіреберістеріндегі блок-бекеттер жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн-брифингте мәлім етті.


– Блок-бекеттер мәселесі бойынша тұрғындардан көптеген сауалдар келіп жатыр. Дегенмен, елімізде 11 мамырда төтенше жағдай алынғаннан кейін тұрғындар арасында карантин талаптары тиісті деңгейде сақталмауы салдарынан Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны күрт өсті. 11-18 мамыр аралығында күніне ең жоғарғы көрсеткіш 77 адам болды немесе өсімі 28,8% құрады.

Осы блок-бекеттерде сырттан келген 8 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондықтан Шымкент қаласына кіріп-шығатын жолдарға қойылған блок-бекеттердің жұмысы жалғасады, – деді Шымкент қаласының басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, қалада санитарлық тексеру жұмыстары күшейтіліп 4 136 нысанда мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 127 әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, 65 ескерту, 43 айыппұл, 19 әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07.00-ден бастап 2020 жылдың 8 маусымы сағат 00.00-ге дейін карантин шаралары ұзартылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.