Шымкент: Қала әкімі үздік оқушылармен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай дендросаябақ алаңында халықаралық, ресубликалық олимпиадалар мен ғылыми, спорт, өнер жарыстарының жеңімпаздарымен кездесті.


Оның ішінде 18 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жүлдегері, 33 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың жеңімпаздары. Ашық аспан астындағы жиында қала әкімі құттықтау сөз сөйлеп, балалармен еркін форматта сұқбаттасты.

Шымкентте тәуелсіздік жылдарына дейін 51 балабақша, 68 орта мектеп бар болған болса, қазір балабақша – 526, мектеп саны 186-ға жетті. Отыз жылда 68 мыңнан астам орындық 98 заманауи үлгідегі білім ошағы салынып, 85%-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп үш ауысымды, апатты мектептердің өзекті мәселелері оң шешімін табуда. Сонымен бірге, осы жылдары дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектептер, Назарбаев Зияткерлік мектептер желісі құрылды.

Қала әкімі жас өрендерге артылар сенімнің зор екендігін айта өтіп, өзінің балалық естеліктерімен бөлісті.

«Біздер өздеріңе сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Қалада жыл сайын бала саны артуымен, салынып жатқан мектептердің үлесін де көбейттік. Еліміздегі кез келген сәби мемлекет қорғауында. Білімді, өнерлі адам қашан да өз жолын адаспай табады. Жазғы демалыстарың қызықты өтсін» — деп тілек білдірді. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. 397534 920668Aw, this became an extremely nice post. In thought I would like to devote writing such as this moreover — taking time and actual effort to make a extremely very good article but exactly what do I say I procrastinate alot and by no indicates discover a strategy to get something completed. 823284

  2. 549867 826093You may be websites successful individuals, it comes effortlessly, therefore you also earn you see, the jealousy of all the ones a lot of journeymen surrounding you could have challenges within this challenge. motor movers 163225

Добавить комментарий для mostbet Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.