Шымкент: Қаратау ауданында жөндеуден өтіп жатқан жолдар көп

Биыл Шымкентте құрылыс кезінде бірқатар жолдар жөнделіп, қаланың көркі ажарлана түсуде. Әсіресе, жолдың сапасы мен құрылысын назарға алып, карантин уақытында да қарқыны қызып тұр.


Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов ауданға қатысты көшелерді жөндеу жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі Қаратау ауданындағы Таскен тұрғын алабында болып, ондағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелердің құрылысын аралап көрді. Нәтижесінде аудан аумағындағы жол жөндеу құрылыс барымен танысты. 

Ұзындығы 2 шақырымды құрайтын жол құрылысымен «Азрет-жол құрылыс» ЖШС айналысуда.

Барлық талаптарға сай салынып жатқан құрылыс алаңын аудан әкімі өз көзімен көріп, жұмыс жүргізіп жатқан мердігерге ең бастысы сапаға мықтап көңіл бөлуді тапсырды.

Қазіргі кезде карантин режиміне қарамастан  мегаполисте жөндеуден өтіп жатқан жолдар көп. Шаһардағы құрылыс жұмыстары қарқын алып, қаланың көп бөлігінің жолдары күрделі жөндеуден өтіп, ғимараттар мен нысандар салынып жатыр. Солардың бірі он нысан –13 шақырым жол, 3 көпір, 1 оң жақ өткел қайта құрылымдаудан өтуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.