Шымкент: Қоғамдық көлік саласын дамыту, оны цифрландыру бағытында бірқатар жобалар қолға алынды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында қоғамдық көлік саласын дамыту, оны цифрландыру бағытында бірқатар жобалар қолға алынды.


Солардың бірі — «Ikolik» жобасы.

Жоба арқылы тұрғындар 567 қоғамдық көліктің (70 пайыз) қозғалыс бағытын бақылауға мүмкіндік алды. Бұл жолаушыларға уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізіп отыр. Аталған қосымша осыған дейін «Play Mаркет» пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді болған болса, енді «App Store» жүйесіне де енгізілді.

Шымкент — халыққа қолайлы қала. Айта кету керек, осыған дейін Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениеті мен біліктілігін арттыратын жоба қолға алынды. Енді қоғамдық көлік жүргізушілері 5 күндік оқу курсына қатысып, арнайы мамандардардан «жолаушыларды тасымалдау ережесі» және мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бойынша білім алады.

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде тікелей эфир арқылы тұрғындармен кездесуінде қоғамдық көлік мәселесін талқылап, саладағы бірқатар жаңалықтарымен бөліскен болатын.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. 189540 933636You made some decent points there. I looked on the web for the problem and discovered most individuals will go coupled with along with your internet site. 999197

Добавить комментарий для fake reviews Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.