Шымкент: Қуыршақ және жасөспірімдер театры мерекеге орай бүлдіршіндерді қуантпақ

Шымкент қаласында бір ғана қуыршақ және жасөспірімдер театры жұмыс істейді.


Мекеме ұжымы бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге қуаныш сыйлау, қуыршақтардың көмегімен ертегілер және қойылымдармен кішкентай достарын қуантуды мақсат еткен.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұжымы  Д.Саламаттың «Асыл шөп» қойылымының премьерасын бүлдіршіндер назарына ұсынуды жоспарлап отыр.  Бұл той өзге тойдан өзгерек болғалы тұр деп нық айтуға болады. Себебі, мерекеге орай «Балаларды арнайы емдеу орталығының» жасөспірімдері театрдың құрметті қонағы болмақ. Яғни, 1 маусым күні сағат 15.00-де 30 бала, 17.00-де 32 балақай керемет қойылымды бөлініп тамашалайды.

Осындай игі іс-шараны ұйымдастырып отырған Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұжымына алғыс білдіреміз. Балақайларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жүздеріне күлкі ұялатар бұл іс-шара өз деңгейінде өтеді деген сенімдеміз.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.