
Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы 56,1 млрд.теңгеге 1 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 21 жобаны іске қосу көзделген.
Бұл туралы қәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков айтты.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оның айтуынша, бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде екен.
Жалпы қалада кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасымен қажетті қызметтер көрсететін «Бизнеске арналған үкімет — Shymkent Invest» фронт-кеңсесі жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты шеңберінде «Бастау бизнес» оқу курстарына жолдама беруді бастады.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарға жолдама беру онлайн форматта жүзеге асырылады. Орталық тарапынан үміткерлердің мәртебесі жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға 1900 азаматқа жолдама беріледі. Азаматтар өтінім беру мерзіміне қарай бекітілген оқу кестесіне сәйкес оқуға жолданады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
514455 964644Its exceptional as your other posts : D, regards for posting . 33848
2975 988527What a lovely blog. Ill surely be back once again. Please preserve writing! 629859
762811 214322You got a really amazing internet site, Glad I observed it through yahoo. 629717
196230 941143Deference to op , some superb entropy. 517531