Шымкент: Өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға, адамдардың қаза болуы 40 пайызға азайған

Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерін алдын алу бойынша онлайн режимде өткен жиында төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісов мәлімдеді.


«Орман және дала өрттері орын алған жағдайда дер кезінде сөндіру үшін бір соқалы трактормен бірге 3 тонна суы бар тіркемелі бөшкелер мен 4 уақытша бақылайтын өрт сөндіру бекеттері құрылды»,-деді департамент басшысы.

Бұдан бөлек, ол Шымкент қаласында өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға, ал адамдардың қаза болуы 40 пайызға азайғанын айтып өтті.
Өрт қауіпі жоғары маусымның таяп тұрғанын айтқан қала басшысы аудан қала әкімдеріне өз аумақтарында ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, жаз айларында өте ыстық, өрт қауіпі жоғары өңір екеніне тоқталған әкім, өрт оқиғасы орын алған жағдайда бірінші кезекте сол ауданның басшысы жауап беретіндігін ескертті.

Жиынды қорытындылаған Мұрат Дүйсенбекұлы аудан аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бақылауды күшейтуді жүктеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.