
Ақпараттық-коммуникациялық орталығында карантинге байланысты 1 маусымнан бастап қаламызда іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті.
Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ертеңнен бастап іске қосылатын нысандар мен шектеулердің алынуы бойынша баяндады.
– Шымкентте биылғы жылдың 1, 4 және 11 мамыр күндері 3 кезең бойынша 6 912 нысан іске қосылып, 166 мыңнан астам адам жұмысына қайта кіріскен болатын. Ал төртінші кезең бойынша 1 маусымнан бастап 2 095 орта және шағын бизнес нысандары қайта іске қосылады. Яғни, 33 мыңнан астам жұмысшы өз ісіне кіріседі деген сөз – деді қала әкімінің орынбасары.
Осы ретте 1 маусымнан бастап рұқсат етілген нысандарды атап өтсек:
- Азық-түлік пен қажетті тауарларды сататын супермаркеттер, гипермаркеттер және сауда желілері жұмыс режимі сағат 21:00-ге дейін ұзартуымен;
- Қоғамдық тамақтану орындары және жазғы алаңдар 50 адамға дейін сағат 06:00-ден 21:00 аралығында (құдалық, туған күн, мерей тойлар және т.б. мерекелік шараларды атқарусыз) 1 320 нысан (15 мың адам);
- Жаттығу залы, фитнес-орталықтар, сауналар, SPA-салондар, жеке кабиналары бар моншалар. Жұмыс режимі – сағат 21:00-ге дейін, 95 нысан (600 адам);
- Автокөлік және мал сататын базарлар, 4 нысан (50 адам);
- Көрермендердің қатысуынсыз спорттық және мәдени нысандар, 88 нысан (1,7 мың адам);
- Білім беру орталықтары, үйірмелер, дайындық топтары (15 адамға дейін ғана қабылдау арқылы), 59 нысан (2 мың адам);
- Халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтары қалыпты жұмыс режимінде;
- Жанар-жағармай станциялары жанындағы дүкендер;
- Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтар (20 баладан аспайтын) және Теміржол қатынастары қалпына келтіріліп, қалааралық блокпостылар алынады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
506639 230358When do you believe this Real Estate market will go back in a positive direction? Or is it nonetheless too early to tell? We are seeing lots of housing foreclosures in Altamonte Springs Florida. What about you? Would adore to get your feedback on this. 446772